RU
Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева ел алдына шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді деп хабарлайды Алматы арнасы.

Сондай-ақ мерейтой аясында 5-ші республикалық кеңес кезінде рухани-адамгершілік даму мәселелерінің қоғамдық форумы өтті. Форум аясында Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәнін жоғарғы оқу орындарына да енгізгісі келетінін айтты.

Тағы оқыңыздар: 1 шілдеден бастап қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұр?

«Қазақстанда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының сәтті жүзеге асып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Жалпы бұл бағдарлама арқылы жастардың адамгершілігі мол, рухани тұрғыда таза болуы үшін жасалды. Осы арқылы адамның бойындағы ең жақсы, жарқын және таза қасиетті молайтуды көздейміз. Қадамымыз сәтті жүзеге асып жатыр. Орталық соның айқын көрінісі», - дейді «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева.

Қазір көп салалы «Бөбек» ұлттық орталығында «Өзін-өзі тану» балалар бақшасы, «Өзін-өзі тану» гимназиясы, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі және обсерватория бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel