Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласын тастап, алимент төлеуден қашып жүрген жауапсыз әкелерге қатаң шара қолданылады

Опубликовано:

Бүгінгі таңда елімізде ажырасу саны күрт өсті. Салдарынан балаларын арқалаған жалғызбасты аналар мен алимент төлеуші әкелер жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті.

Деректерге сүйенсек, Алматы қаласы Әділет Департаменті мемлекеттік сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалып, қазіргі таңда орындалу үстінде.

Жауапсыз әкелерге  төмендегідей шаралар қолға алынды :

Орындалмай жатқан борышкерлердің 3 600 атқару өндірісі бойынша Қазақстан Рыспубликасынан тыс аймаққа шығуға және 80-ге жуық атқару өндірісі бойынша көлік жүргізу құқықтарына тыйым салынған.

150-ге жуық атқару өндірісі бойынша қылмыстық істі қозғауға ІІБ ұсыныс жіберілген.

Алматы қаласы бойынша 8 жерге «Әкетай, алимент төлесеңші» деген тақырыппен билбордтар ілінген, сонымен қатар борышкерлердің жылжитын және жылжымайтын мүліктеріне қарыз шеңберінде тыйым салынуда.

Жазаға тартылған борышкерлер саны - 63, соның ішінде 15 азамат сот арқылы қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1545625-balasyn-tastap-aliment-toleuden-qashy/

pixel