Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Опубликовано:

8 шілдеде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады. Басым аумақта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күші артады. Солтүстік және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Ал, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз аптап ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірінде жаңбыр жаууы ықтимал. Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады деп болжануда.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең танымал сүрбойдақ Әлішер Кәрімов тойға дайындалып жатқанын айтты (фото)

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде аптап ыстық болады. Әсіресе, Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1548443-bugin-elimizdinh-basym-boliginde-zhanhb-3/

pixel