Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік ару: Көлігі емес, ақылы бар өмірлік жар іздеймін

Опубликовано:

Шымкенттік ару өзінің болашақ жарына қояр талабын әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Ол өз ойында жүрген азаматтың қандай болуы керек екенін өлең жолдарымен жеткізді. Жиырмадан енді асқан бойжеткеннің талабы көптеген желі қолданушыларын тәнті еткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Маржан өмірлік жары ретінде иманды, намаз оқитын, түнделетіп қыдырмайтын, ең бастысы көлігі емес, ақылы бар азаматты көретінін алға тартады. Ол өз ойын өлең шумақтары арқылы жеткізгісі келген.

"Машинасы емес, миы болса,

Маған емес анасына сыйы болса,

Түнделетіп жолдастарына кетпейтін,

Баласына көңіл үйі болса...

Күнде маған жаным кеттік деп,

Намаз оқитын күні жиі болса,

Ешқандай жас маңызды емес,

Салмағын да керек етпейм,

Күлімсіреген күйі болса...

Аз таптың деп мазаламайм,

Бірге жесек болды маған.

Ұрысқанда білінбейтін

Жылы -жылы сөзі болса,

Қолдарын да көтермей-ақ түсінетін

Қарағанда мөлдіреген көзі болса...

Қалтасында доллары емес,

Иманды жан өзі болса.

Кім болар екен?", - деп жазады ол.

Шымкенттік бойжеткен бұл шумақтарды дәл бүгін жігіт табу үшін емес, жүрегінен шыққан тілегін көпшілікке жеткізу үшін жария еткенін айтады.

"Бұл - жігіт іздегенім емес. Жүрегімдегіні ішіме сыйдыра алмадым. Соны желіге шығарып жібердім. Бар болғаны сол. Мүмкін, Алла маған өмірлік теңімді осылай табуыма себеп қылып отырған шығар", - дейді NUR.KZ тілшісіне толық тегін айтуды жөн көрмеген Маржан.

Маржанға соңғы бір тәулікте жүздеген жігіт ұсыныс жасапты. Оны өзіне келін етуге ниет білдіргендер де бар. Ал біраз адамдар бойжеткенге арманының орындалуын тілеп, жақсы жігіттің жолығуын дұға еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1558747-shymkenttik-aru-koligi-emes-aqyly-bar-o/

pixel