Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәртіп сақшыларына оқ атып, кейін өзі атылып өлген азаматқа қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Ақмола облысында қайғылы аяқталған атысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Өмірбек Жампозов атып салған Целиноград аудандық прокуратурасының аға прокуроры мен полицейдің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Атыс шығармай тұрып Өмірбек Жампозов бейнеүндеу жолдаған. Видеоның нақты қашан түсірілген белгісіз. Ол жерде «ҚазСуШар» мекемесінің директоры өзінің жемқорлыққа мүлдем қатысы жоқ екенін, керісінше әлдекімнің тапсырысымен Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро жала жапқанын ашына айтып жатыр.

"Міне, 5-6 ай болды Целиноград ауданында қылмыстық іс жүріп қазір аяқталуға жақын. Нәтижесі қандай болатыны белгісіз. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Біз таза қызмет еткен азаматтар ақталуымыз мүмкін. Тіпті, жазықсыздан жазықсыз сотталып кетуіміз мүмкін", - дейді Өмірбек Жампозов.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында сегіз жасар қызды зорламақ болған азамат сот алдына келді

Бірақ Өмірбек Жампозов сот үкімін күткен жоқ. Мемлекеттік айыптаушы Әлібаев пен тергеуші Пішембаевқа прокуратураның ішінде қос ауыздан оқ жаудырып, кейін өзі көлігінің ішінде атылып өлген. Қазір бұл істі Ішкі істер министрлігі тергеп жатыр. Ал арқасынан жараланған прокурор мен полицейдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірнеше ота жасалған заң өкілдерінің беті бері қарап, палатаға ауыстырылды.

"Екеуіне де күрделі ота жасалды. Қазір жағдайлары бірқалыпты. Оқ екеуінің де арқасына тиген. Яғни, мылтықтан оқ атылмас бұрын теріс бұрылып қашып бара жатқан. Сол кезде оқ тиіп жараланып отыр", - дейді Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Мағжанов.

Ал қос бірдей құзырлы орын қызметкерін жаралап, өзі жан тапсырған Жампозов 600 миллион теңгеден астам ақшаны сыбайластарымен бірге жымқырды деп айыпталған. Қыруар қаржы Астана іргесінде су торабын салу үшін бөлінген екен. Енді бұл іс бойынша соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Ал адвокат судьяның марқұмға қатысты істі тоқтататынына сенімді.

"Жампозовқа қатысты іс тоқтауы тиіс. Өйткені қайтыс болған адамға қалай жаза кесуге болады? Ал онымен бірге айыпталған өзге 5 күдіктіге қатысты үкім бәрібір шығарылады", - дейді адвокат Бақыт Қайыржанова.

Өмірбек Жампозовтың денесі туыстарына 21 шілдеде берілді. Тиісті сараптамалар жүргізілгенімен, оның нәтижесі әзірге айтылмай отыр. Марқұмды Таразға алып кеткен жақындары енді сонда жерлеу рәсімін өткізбек.

Тағы оқыңыздар: Ер адамның суға батып өлген сәтін видеоға түсіріп, мазақ еткендер жаға ұстатты (видео)

Бір айта кетерлігі, Өмірбек Жампозов атыс шығармас бұрын туыстарына хат та жазып қалдырған екен. Онда 61 жастағы азамат мұндай оқыс қадамға баратыны туралы айтпаған екен.

Ал, екінші хатты полицейлер марқұмның көлігінен тауып алған. Онда айыпталған азамат өзінің кінәсіз екенін жазыпты. Десе де, Жампозовтың қатысы бар делінген іске қаитысты сот үкімі дүйсенбіде шығуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1563495-aqmola-oblysynda-qayghyly-ayaqtalghan/

pixel