Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның ата-анасы алтын тойларын киіз үйде дүркіретіп өткізді

Опубликовано:

Қазақ эстрадасындағы танымал әншілердің бірі және бірнеше хит әндердің орындаушысы Ерке Есмаханның ата-анасы Ақтөбе төрінде алтын тойларын өткізіп жатыр.

Еркенің өнердегі әріптестері мен аға-әпкелері мерейтойға арнайы келіп, әннен шашу шашқан.

Қазақтың жыр-термелерін нақышына келтіріп орындайтын Айгүл Елшібаева арнау айтып, қонақтардың көңілін бір серпілтіп тастады.

Махаббат әндерін орындап, үлкеннің де, жастың да көңілінен шығып жүрген Ғаділбек Жаңай болса өзінің "паспортына" айналған "Ханшайым" әнін орындап, Еркенің ата-анасын қуанышқа бөлеген.

Сондай-ақ, соңғы уақытта сахнаға жиі шығып жүрген жас әнші Қуандық Рахым "Молдабайдың әнін" домбырамен орындап, тойда отырғандарды сүйсінтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1571699-erke-esmakhannynh-ata-anasy-altyn-toyla/

pixel