Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында қойылған эротикалық видео жаға ұстатты (видео+18)

Опубликовано:

Алматы әуежайында қойылған эротикалық видео әлеуметтік желіде таралуда деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видео Instagram-паблике dudoser парақшасында пайда болған. Топ әкімшісінің айтуынша, видео халықаралық Алматы әуежайында түсірілген.

Кадрдан бұл эротикалық видеоны ондаған адамның оның ішінде жасөспірімдердің бақылап тұрғаныны байқауға болады. Бұл қызықты сахнаны тамашалаған қонақтар одан еш ұятты нәрсе байқамаған сыңайлы. Бір сәтке аялдаған жолаушылар әрі қарай өз жұмысымен жүгіріп кетеді.

Тағы оқыңыздар: Доллар 450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін деген қауесет қаншалықты рас?

NUR.KZ ұятсыз видеоға қатысты басшылықтың пікірін білді. Айтуынша, осыған байланысты арнайы комиссия құрылған.

«Бұл видеоны өзім көрген жоқпын. Ол бір кинохиттың анонсы, я болмаса жарнама ма ол жағын мен білмеймін. Жалпы осы мәселені анықтау үшін қазір арнайы комиссия жұмыс жасап, видеоны сараптамадан өткізудеміз. Тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін ғана әуежайда ұятсыз видеоның қайдан жүргенін білетін боламыз. Тағы бір айта кетері, мұны біреулер әдейі жасауы да мүмкін. Себебі, ол экран (теледидар) ұялы телефоннан да басқарылады екен», - дейді «Алматы» әуежайының президенті Айбол Бекмұханбетов.

Әуежай өкілінің мәлімдеуінше, бұл сахна - кабельді арналардың бірінде жүріп жатқан "Тасымалдаушы" фильмінің үзіндісі.

Ол әуежайда көрсетілетін телеарналарды теледидарларды жарнамалаушы компания таңдайтынын айтты. Ол компания қазақстандық белгілі телепровайдерлердің бірімен келісімге отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1572929-almaty-auezhayynda-qoyylghan-erotikal/

pixel