RU

Шығыс Қазақстанда тағы бір алтын адам табылды (фото)

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір алтын адам табылды. Бұл сүйінші жаңалықты белгілі тарихшы, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы Facebook парақшасында жариялады.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан, Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды.

«Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Тағы оқыңыздар: Танымал заңгер Алматының орталық көшесіне елбасының атын беруді ұсынды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1574253-shyghys-qazaqstanda-taghy-bir-altyn-adam.html