Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтарды шошытқан жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Опубликовано:

Сейсмолог мамандар бүгін таңда алматылықтарды шошытқан жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

«Бүгін таңғы сағат 5-28-де болған жер сілкінісіне қатысты жиын өтеді. Қытайдағы жер сілкінісінен кейінгі афтершок саны (негізгі жер сілкінісінен кейінгі қайталанған толқындар) 40 шамасында болды. Бізге біреуі ғана келді», - деді «Сейсмология институты» ЖШС директоры Әнуар Боранбаев.

Тағы оқыңыздар: Алматыда су ақысын төлеуге қатысты үлкен дау шықты

Оның айтуынша, жер сілкінісіне бірнеше себеп болған. Соның бірі - планеталардың (ғаламшарлар) қозғалуы.

«Гравитация деген ұғым бар. Ай шар ретінде Жерге тартылыс алаңын береді. Бұл Айдың тұтылғанынан емес, ғаламшарлардың қозғалуынан. Бұл жерде сыртқы фактор әсер етті.  Мұнымен қатар, Орталық Азияда және Қытайдың жартысында 2-ден 6 баллға дейінгі сейсмикалық тербелістер болып тұруы ықтимал», -деді Боранбаев.

Еске сала кетейік, 9 тамыз күні Алматыдан 485 шақырым қашықтықта сағат 05-28-де жер сілкінісі тіркелді.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1582995-seysmologtar-almatylyqtardy-shoshytqa/

pixel