RU

Төсек қатынасынан бас тартудың басты себебі неде?

Мамандардың айтуынша, жұптардың алғашқы кездегі қатынастары қызық болады екен. Себебі олар бір-бірін әлі толық білмегендіктен, қызығушылық жоғары болатынға ұқсайды. Ал жылдар өте төсек қатынасы суып, тиыла бастайды, тіпті төсек ләззатынан ерте бас тартатындар бар деп жазады ikerim.kz.

Ұзақ жылдар бойы бірге тұрып келеді, бәрі жақсы сияқты… Бірақ төсек қатынасына құлқы жоқ! Бұл негізі өте жиі кездесетін жайт, әрі бұл құбылыс бір аптадан бірнеше жылдарға созылып кетуі де мүмкін.

Тағы оқыңыздарШымкенттік ана қазақ тойларында сыңсу айтатындарды сынға алды

Әйтсе де, төсек қатынасының бас тартудың өзіндік себептері болады. Олардың ең маңыздысы - қорқыныш. Бұл қорқыныш түрлі формада кездеседі екен. Мысалы жұптың бірі өзінің сыңарына сүйкімсіз болып көрінемін деп ойлауы. Ал кейбір адамдар серігіне ләззат сыйлай алмаймын деп уайымдайды екен.

Бұл үшін жұптар төсек қатынасын тоқтата бастаған кезде кінәні сыңарынан іздемеуі керек. Әрі жағымсыз ойларға берілмеуі лазым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1592566-tosek-qatynasynan-bas-tartudynh-basty.html