RU

Таба нанның арасына есірткі жасырып, қажылыққа аттанған адам жаға ұстатты

Самарқанд әуежайының кеден қызметкерлері Меккеге, қажылыққа бара жатқан адамды есірткімен ұстаған. Бұл жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Кеден комитетінің қызметкерлері тексеру барысында Шамши Ахроров деген өзбек азаматынан 72 грамм апиын мен 6 мыңға жуық АҚШ доллары және өзге елдің валютасын тәркілеген.

Ер азамат есірткіні таба нанның арасына жасырған екен.

Тағы оқыңыздар: Қуат "Найман": Головкин басым болса да, бәрібір жеңісті "Канелоға" береді

Сауд Арабия елдерінің заңына сәйкес, осы аумақта есірткі, контрабандамен ұсталған азаматтар өлім жазасына кесіледі.

Бұл фактіге қатысты прокуратура қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1593192-taba-nannynh-arasyna-esirtki-zhasyryp-q.html