RU
Дұға еткенде көз жасын тыя алмаған астаналық имам барша жұртты егілтіп жіберді

Дұға еткенде көз жасын тыя алмаған астаналық имам барша жұртты егілтіп жіберді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар қажылықтың негізгі парызы - Арафат тауының басында тұрып дұға жасады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл - барлық тілегенің, сұрағаның қабыл болатына уəде етілген жер. Арафаттың басында кешірілмейтін күнə жоқ.

Бесін намазынан кейін қажыларға дұға етудің ретін үйреткен топ басшылары жамағатты бастап амал жасады. Дұға жасап тұрып астаналық имам егіліп жылады.

Ол Арафаттың басына алғаш келіп, еріксіз жылағанын айтты.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның жекпе-жегіне аз күнде 8000 билет сатылып үлгерді

"Ол еріксіз шыққан жас. Бұл менің Арафаттағы алғашқы дұғам. Үлкен қажылығымның біріншісі. Арафатта тұрмай ешбір мұсылманның қажылығы қабыл болмайды. Алла Тағала аспан қабатынан түсіп: " Ей, періштелерім, қараңдар

Менің пенделерім үстері шаң басып келіп, маған жалбарынып дұға жасап жатыр. Олар менің игілігімді не азабымды көрмеді.

Соны біле тұра жалбарынып келіп отыр. Мен қабыл етемін, куə болыңдар" деген екен", - дейді астаналық имам Ербол Мамбетов.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады (видео)

Бейресми деректер бойынша Арафат тауының басында бес миллионға жуық мұсылман қажылығын өтеп жүр. Қазақстаннан 2500 адам барды.

Бүгін Мекке қаласында құрбандық шалу рəсімі басталып кетті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel