RU
Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық арналардың бірінде көрсетілетін танымал реалити-шоудың көзайымы болған жұп телекөрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді. Эфирде небәрі жеті бағдарламаға қатысып, бір-бірімен қош айтысқан Мәди мен Жанеркені ел «ғашықтар хикаясының кейіпкеріне» айналдырып үлгерді. Эфир үстінде екеуінің бөлек кеткендеріне сенбеген көрермендер әлі күнге жастардың басын қосудан үміттеніп, ата-аналарын көндіруге тырысып жүр.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

"Қалаулым" шоуында елдің көзіне түсіп, жүректерді елжірете білген «ғашықтар» NUR.KZ порталына арнайы сұхбат берді.

- Екеуіңіздің айырылысқандарыңызға көпшілігі сенбейді. Араларыңызда қандай да бір сезім оты бар ма?

Мәди: Жанеркені жақын тартатыным рас. Бірақ арамызда үлкен махаббат болған жоқ. Болашақта алдымызда не күтіп тұрғаны бір Аллаға аян. Біздің қош айтысқан себебімізді жұрт біледі: ата-анамыз қарсы болды. Сол кісілерді сыйлап, айтқанын тыңдадық. Мен ата-әжемнің қолында тәрбиеленгендіктен, олардың сөзінен аттап өте алмаймын. Маған әжем Жанеркені "солтүстіктің қызы басқаша болады, салт-дәстүрі бізден бөлек, екіншіден, оның екі жас үлкендігі бар" деп қарсылығын білдірді.

Тағы оқыңыздар: Артур Төлепов көпшілікке шетелдік қалыңдығын көрсетті (фото)

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Жанерке: Менің де ата-анам қарсы болды. Алматыға оқуға аттанарда анам маған шымкенттіктерге жоламауымды қатты тапсырды. «Қиын болады, бізге бәрібір, өмір өзіңдікі. Ертең дәм-тұздарың жараспай, бір-біріңмен келісе алмауларың мүмкін. Оңтүстіктің сен білмейтін дүниелері көп, саған жат көрінуі ғажап емес. Оның бәрі ашуыңды келтіруі мүмкін. Ол отбасының шайқалуына әкеп соғады. Сондықтан да сақтансаң, құдай сақтайды», - деген еді. Бұл Мәди екеуміздің ойлана келе қабылдаған ортақ шешіміміз болды.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

- Солай делік, ендеше қоштасар сәтте екеуіңіз бірдей неге жыладыңыздар? Мәди, көзіңе жас алғаныңды көргенде ата-анаң сөйлемеді ме?

Мәди: Бұл шоуда Жанерке екеуміздің жұбымыз шынайы қарым-қатынасты көрсете білгендіктен шығар, бізді көргісі келетіндерін айтып хат жазғандар өте көп болды. Әлі де біздің айырылысып кеткенімізді құп көрмейтін көрермендер хабарласып тұрады. Тіпті бізге ата-анамыздан үйленуге рұқсат алып беретінін айтып, ұсыныс тастаушылар бар.

Тағы оқыңыздар: «Сүйген қызына» несие алдырып қашып кеткен астаналық альфонс отбасылы болып шықты

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Менің шоуда көзіме жас алғаным рас. Бәлкім, Жанеркені қимаған шығармын. Қанша дегенмен, оған бауыр басып қалдым. Көңілім босап кетті. Жанерке екеуміз эфир алдында «Көрермендерге шешімізді айтамыз, жыламаймыз» деп келіскенбіз. Бірақ елдің алдына шыққанда бәрін ұмытып кеттік. Сөйтсек, көрген елдің бәрі жылапты. Тіпті, анамның айтуынша, әкем де жылаған екен. Бағдарламадан кейін маған әжем хабарласты. Неге жылағанымды сұрады. Ақымақ болма деді. Мен ол кісіге Жанеркемен қош айтысқанымды жеткіздім.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Мәди Рахымбайдың жеке мұрағатынан

Жанерке: Мен де толқып, жылап қалдым. Менің жүрегіме ең ауыр тигені - Мәдиді жылатқаным, жігіттің көзіне жас алдырғаным. Біз жеті бағдарламаға шықтық. Осы уақыт ішінде бір-бірімізді жақсы танып алдық. Бір жағынан, қимастық сезім болды, бауыр басып қалыппын. Эфирден тыс кезде де көп уақытты бірге өткізіп жүрдік. Жар таңдау өмірдегі ең қиын нәрсе. Екі жастың қоштасуы ата-аналардың қалауы болды. Ол кісілердің айтқаны менің шешім қабылдауыма әсер етті.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

Мәди жылағанда елдің бәрі оны сынады, көптеген пікірлер айтты. «Ер жігіттің жылағаны несі?! Бала белде, қатын жолда" деген секілді сөздер айтылды. Бәріміз ата-анамыз ұрсатын шығар деп ойладық. Бірақ керісінше, олар да көз жастарына ерік берген екен.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

- Күні кеше желідегі парақшаларыңыздан туған күн кешінде бірге түскен суреттеріңізді көрген жанкүйерлеріңіз қуанып қалыпты. Елді қызықтырған сұрақ – сіздердің шоудан тыс сөйлеспек ойларыңыз бар ма?

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Жанерке: Мен қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп айтқанмын. Мәдимен дос ретінде сөйлеспейтінімді жеткіздім. Алайда Мәди бұдан біраз бұрын сіңлімнің туған күніне келем деп уәде берген еді. Жігіттігін танытып, сол уәдесінде тұрды. Гүлін алып келді. Содан кейін көп адамның үміті қайта жанып жатыр. «Мен қайтадан қосылатын шығарсыздар деп сеніп едім; Алладан тілеген едік» деп жазғандар көп.

Мәди: Бұл суретті жарияларда көп ойланбаппыз, көңілді отырыс болғандықтан фотоға түстік. Оның артынан осындай үміт отын жандыратынымызды сезбеппіз (күледі).

Тағы оқыңыздар: Дана Нұржігіт бірінші күйеуімен неге ажырасқаны туралы ашық айтты

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

- Мәди, Жанеркеден кейін келген екі үміткердің де бетін қайтарыпсыз. Неліктен?

Жанеркеден кейін келген екі үміткер де көңілімнен шықпады. Екеуін де қайтарып жібердім. Оның себебі Жанеркені сүйетінімде емес. Өз себептері бар. Мысалы, таяуда келген қыз менен екі жас үлкен, ал бірінші үміткер  ажырасқан екен.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

 - Әлеуметтік желіде сіздерге арналған фанпарақшалар көп екен. Жанкүйерлеріңіздің белсенділігін қалай түсіндіресіздер?

Жанерке: Менің таңғалатыным, бұрын кино кейіпкерлеріне жанкүйер болған жастар, бізге де солай қарайтын болған. Қара өлеңге жақын адамдар бізге өлең арнап жатыр. Оларды оқысаңыз, кезіндегі жыраулар мен ақындардың  ғашықтар туралы жазған дастандары еске түседі. Біз айырылысып кеткенде талай адам ұрысты. Біз эфирде арақатынасты үздік деген күні көп адам хабарласты. Телефоным жарыла жаздады. Оларға жауап беру мүмкін болмады.

Таң атпастан бір әйел жылап хабарласқанда, шошып кеттім.

«Жанерке, расымен де қоштастыңдар ма? Реалити шоуды сіздер үшін ғана көретінмін», - деп жылады ол телефон тұтқасының ар жағында.  Ол 26-дағы екі қыз бары келіншек екен.

Енді бірі «Біздің жүрегімізді жаралап кеттіңіздер. Ата-аналарыңыздан рұқсат сұрап берейік пе?», - деген ұсыныс айтты.

Артынан, Мәди екеуміздің арамыздағы сезім шынайы болған соң, көрермен де беріліп көрген екен ғой, расымен де жанкүйерлер пайда болыпты ғой деген ой түйдім.

Шымкентке жолама: Еліміздегі ең танымал ғашықтардың қосылуына ата-анасы қарсы шықты (фото)

Фото: Жанерке Елшіннің жеке мұрағатынан

Екі жас өзара ешқандай сезімнің жоқтығына қанша сендіріп бақса да, телеэфирден кейін олардың ғашықтық хикаясына арналып ашылған парақшалар көбейіп кетті. Мәди Рахымбай мен Жанерке Елшінді бүгінгінің Қозысы мен Баянындай көрген жанкүйерлер олардың қайта қосылуын тілеп жүр. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
81
79
36
273
125
375
86
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel