RU

Жазира мен Жанболат өздерін жамандайтын адамдарды қалай ұстап алғанын айтып берді

Жазира Байырбекова желідегі парақшасында басынан өткен келеңсіз жағдай туралы айтты. Әнші жұбайы Жанболат екеуін жамандап жатқандардың үстінен түсіп қалып, өзін ыңғайсыз сезінгенін жасырмады.

"Туу, осылар бір-бірінен қалай жалықпайды екен?! Күндіз  - түні бірге, анау - мынау..." деп бізді әңгімелеп отырғандардың үстінен түсіп ұялып қалдым. Естімегендей қайта шығып кетейін десем көріп қойды",- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Жұбайымен ажырасқан отандық жұлдыздардың өмірі қалай өзгерді?

Жазира өзі жоқта сырт киімін рұқсатынсыз киіп тұрған қонақ үй тазалаушысының да үстінен түсіп қалғанын айтты.

"Бірде бір қаладағы қонақүйдің тазалаушысы бөлмеге мезгілден бұрын кіріп қалсам менің сырт киімімді киіп көріп,айнаға қарап тұр.Ұялғанымнан "кие беріңіз,тағы да мынаны киіп суретке түсіп аласыз ба? Мен түсіріп берейін",- деп фотосесия жасап кеттік", -дейді басынан өткен оқиғасын оқырмандарымен бөліскен әртіс.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609035-zhazira-men-zhanbolat-ozderin-zhamanday.html