RU

Күйеуі қызғаныштан жылу батареясына байлап қойған әйел көпшіліктен көмек сұрады

25 жастағы келіншек ажырасуына жұбайының шектен тыс қызғаншақтығы себеп болғанын айтады. Қорланған әйел күйеуінің ұрып-сабап, тіпті жылу батареясына байлап қоятынын еске алды. Ажырасқанына бір жылдан асқан келіншек содан бері ер адамдардан қорқып қалғанын жеткізді.

Әлеуметтік желідегі "Әйел бақыты" тобына келген хат иесі көпшіліктен ақыл-кеңес сұрауда.

"Жасым 25-те, ажырасқанмын. Қызым бар, қазір өз әке-шешемнің қолында тұрамыз. Өзім жақсы жерде жұмыс істеймін, қызым балабақшаға барады. 

Жолдасыммен ажырасқан себебім - ол өте қызғаншақ болатын, ұрып-сабап, қызым екеумізді батареяға  байлап қоятын. Қызғанғаннан көзі ештеңені көрмей кететін. Енді ажырасқаныма бір жыл болады. Ер адамнан қорқып қалғаным соншалықты ешкімге қарағым келмейді, ешкіммен сөйлеспеймін. Айтыңыздаршы, осы дұрыс па, бұрыс па? Жүрегім ауырады, бірақ өмір де жалғасады", - деп жазады ол.

Ол өзіне бұрын үйленбеген жас жігіттің сөз салып жүргенін айтады. Қателікке ұрынудан қорқатын келіншек екінші рет тұрмыс құруға батылдығы жетпейтінін алға тартқан.

"Оқу оқитын кезден бері бір жігіт артымнан қалмай жүр. Бірақ мен оны өзіме қимаймын, себебі ол мүлдем үйленбеген. Танысқым келетін жігіт көп, алайда тағы да қателікке ұрынам ба деп қорқамын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609968-ayeli-men-balasyn-qyzghanghan-zhigit-ola.html