RU

Сен маған бастық емессің: ЭКСПО маңында ерегесіп қалған сақшылар жұмыстан қуылды

ЭКСПО көрмесі маңында сөзге келіп қалған екі сақшы жұмыстан қуылды деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Ерегісіп қалған екеудің оқиғасы былай өрбіген. Мәселен, мен жол-патрульдік полицияның сержанты болсам, сен қорғаныс министрлігінің сержанты ретінде көрмеге келесің. Екеуіміз бір нарядта жүрміз. Біреуі екіншісіне бұйрық беріп, анда бар дейді. Мынау сен маған бастық емессің деп келіспейді. Содан екеуі бір-бірін итерген...

Ақыры екеуі де жұмыстан қуылды. Негізі, ондай жағдайлар волонтерлер арасында да, жеке күзет қызмектерлері арасында да болған», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов.

Тағы оқыңыздар: Наталья Слекишина түрмеде көрген сексуалды зорлығы үшін үш миллион алады

Оның айтуынша, көрме қауіпсіздігіне тартылған 9 мың сақшының ішінде ішкі істер органдары, қорғаныс министрлігі мен әскери оқу орындарының курсанттары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610778-sen-maghan-bastyq-emessinh-ekspo-manhynd.html