RU

Қазақ қыздарының сұлулығына тәнті болған шетелдіктер оларды алып кетуге бел буды (фото)

ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталуға жақын. Бұл тек қана астаналықтардың ғана емес, шетелдіктердің де көңілін түсіріпті. Шетелдіктердің айтуынша, олар аз уақыттың ішінде жергілікті халыққа үйренісіп қалған. "Ал қазақстандық қыздардың сұлулығы - бұл бөлек әңгіме", - дейді олар.

NUR.KZ тілшілері бірнеше шетелдік қонақпен сұхбаттасып, олардан көрмеден алған әсерін сұрады.

«Мен бұл жерден кеткім келмей қалды. Астанадан қаншама жаңа дос таптым, құрбы таптым. Қыздар ма? Мен сіздердің қыздарыңызды жақсы көріп қалдым. Олар сондай қонақжай, күлімсіреп тұрады және өте-өте сұлу.

Астаналық қыздар өздерін жақсы күтеді екен. Әдемі көйлектер киеді. Мен күнде бір сұлуға ғашық болдым", - дейді Франциядан келген Доминик.

Тағы оқыңыздар: Әжетханаға кондиционер орнатып қойған оңтүстік тұрғындары елді таңғалдырды (видео)

«Қазақ қыздары - ең сұлу. Сіздерде өзге ұлттар тұрады ғой. Қазақстанда тұратын қыздардың бәрі шетінен сұлу. Тіпті жазда бір сұлумен көңіл жарастырып та үлгердім. Енді онымен айырылысып Германияға кеткім келмейді. Оны өзіммен бірге шақырып едім, ол бас тартты", - дейді Карл.

«Біз қазақ қыздарын өзімізбен бірге әкетеміз. Оларға қараңызшы, керемет сұлу. Жергілікті клубартарға көп бардым, басы бос сүйкімді бойжеткен өте көп. Көзім жайнап кетті. Танысу да оңай болды. Мұндағы қыздар түрік жігіттерін жақсы көреді екен.

Осы уақыт ішінде жүздеген қызбен танысқан шығармын. Әлия, Лола, Марина, Назым, Лия, Карина, Мәдина, Айсұлу", - деп санап берді Бурак өз телефонындағы тізімнен.

Тағы оқыңыздар: Теңгеге арналған ескерткішке тәу еткен ақтөбелік бір күнде несиесінен құтылған

«Сабина есімді астаналық бойжеткенмен көңіл жарастырдым. Жаз бойы кездестік, тіпті ата-анасымен де таныстым. Бешбармақ жасап беріп, Бурабайға апарды. Қазақ халқы керемет екен.

Жуырда елге аттанамын. Сабина болса магистратураға түсіп, маған келетін болды. Болашақта не болатынын білмеймін, үйленеміз бе, жоқ па. Австрияда тұрамыз ба, Қазақстанда қаламыз ба. Бірақ, бақытты боламыз деген үміттемін", - деп бөлісті Даниэл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1611154-qazaq-qyzdarynynh-sululyghyna-tanti-bo.html