RU

Қырғызстанда 13 жасар қызды зорлаған кезекші дәрігер масқара болды

Қырғызстанда тері ауруына байланысты ауруханада жатқан 13 жасар қызды кезекші дәрігер зорлаған. Бұл туралы kaktus-media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Палатада қызымыздың өзі ғана жатқан. 6 қыркүйек күні таңғы сағат 4 шамасында палатаға кезекші дәрігер кіріп, оған аяғын жансыздандыратын укол салады. Содан соң палатадан шығып кеткен ол біраздан соң қайта оралып, қызды зорлаған", - дейді емделушінің туыстары.

Бүгінде қыздың анасы Денсаулық сақтау министрлігіне арызданған. Арызда дәрігердің бірнеше рет палатаға кіріп, қызды аймалап-сүйгені, жыныс мүшесін ұстағаны жазылған.

Тағы оқыңыздар: Сен мүгедексің: Ақтөбеде жүкті болып қалған жетім қызды сүйген жігіті алмай кетті

Аталған оқиғаға қатысы бар дәрігер бүгінде қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1613876-qyrghyzstanda-13-zhasar-qyzdy-zorlaghan-ke.html