RU

Бір тойдан $4000 табатын Абай Бегей Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтты (фото)

Бір тойдан $4000 гонорар алатын Абай Бегей NUR.KZ тілшісіне Алматыда пәтер жалдап тұратынын айтты. Әртіс өнер адамдары табысты жақсы тапқандарымен, шығындарының да көп екенін жеткізді.

«Көпшілік әртістерді шалқып өмір сүреді деп ойлайды. Таныстарым «бір тойға бәленше мың долларға шығады екенсің ғой» деп таңғалып жатады. Бірақ, ел алдында жүретін адам болған соң сахналық костюмің бар, директорың мен әкімшің, PR менеджеріңнің айлықтары бар. Студияға ән жазу үшін де қомақты қаражат төлейсің.  Бір қаладан екінші қалаға баратын жол билеттің құны да қымбат. Бізді халық шалқыған бай деп ойлап жатады, бірақ мен Алматыда әлі күнге дейін пәтер жалдап тұрамын»,- дейді ол.

Тағы оқыңыздар: "Әйел бақыты" жабылған соң Ләйлә Сұлтанқызы қыз ұзатуға шығып жүр (фото,видео)

Әншінің ай сайынғы  табысы шамамен 500 мың теңгеден асады екен.

«Ай соңында командамдағы адамдардың айлығын алдымен таратып беремін, кейіннен өзіме қалатын  табысым шамамен 500 мың теңгеден асады»,- дейді әнші.

Еске салсақ, Абай Бегей қазан айында қызының ұзату тойын жасайды. Әнші тойға 500 адам шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1617125-bir-toyda-gonorary-4000-turatyn-abay-bege.html