RU

Қазақ суретшілері әлемге танымалы болды

Лондонда "Қазақстан қазынасы" атты көрме ашылды Кристис аукциондық үйі Лондонда қазақ суретшілерінің туындыларын көрмеге қойды.

Реалист-суретші Қанафия Телжановтың "Көкпар" деген суреті де көрмеге қойылған

Ұйымдастырушылар Қазақстанның қазіргі суретшілерінің 75 шығармасын таңдап алыпты.

Көрмеге Қазақстандағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы қорынан, жеке адамдардан алынған туындылар қойылған. Таңдаудан өткен өнер туындыларының арасында Рысбек Ахметовтің дәстүрлі қазақ тұрмысының идиллиялық сәттерін бейнелейтін, қыштан жасалған үш мүсіні бар.

Реалист-суретші Қанафия Телжановтың "Көкпар" деген суреті де көрмеге қойылған. Ұлыбританиядағы Кристис үйінің басшысы Дэвид Линлидің айтуынша, көрме жалпы жұрттың дарынды қазақ суретшілері өнерімен танысуына септігін тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/161864-kazak-suretshileri-elemge-tanymaly-boldy.html