RU

Тоқтар Серіков ғашық қыздар үшін әйелдерін жасыратын әншілерді сынап тастады

Қазақ халқының сүйікті әншісі Тоқтар Серіков шоу бизнесте орын алып жатқан түрлі жайттарға қатысты ойын білдіріп, әйелдерін жасырған жұлдыздар туралы өз пікірін айтты. "Жұлдыз ТВ" бағдарламасына берген сұхбатында ол мұндай әншілердің әрекетін күнәға балады.

"Бар баланы жасырып, бар әйелді жоқ етіп көрсетіп жүрген інілеріміз бар. Өзіңіз ойлаңызшы, бала деген Алланың сыйы, бақыты, нығметі емес пе?! Оны жасыру - күнә.

Онымен мақтану керек, менің бала-шағам бар, менің тілеуімді тілеп отырған, менің кірімді жуып отырған жанашырым, әйелім бар деп мақтану керек.

Ол әншілер улаған-шулаған ғашық қыздарды жоғалтып аламыз деген ниетпен жасырады. Ал олардың үйде отырған келіншектері қандай күйде отыр? Жүректері жылап отыр ғой. Олар да мақтанғысы келеді сондай еркектің әйелі болып жүргеніне.

Тағы оқыңыздар: Бауыржан Байбек көшеде қайыр тілеп отырған қарияға автограф берді (видео)

Мен кезінде үйленбей тұрғанда жасырғанмын, жоқ үйленбейміз, жүрмейміз деп. Ата-анасынан ұялдым, елден ұялдым. Ел арасында сөз тарап кеткен кезде қарындасым ретінде сыйлаймын деп айтатынмын. Бірақ үйленгеннен кейін жария болды.

Балаларым туған сайын қазақ еліне жар салып, сүйінші сұрадым. Бауырларыма айтарым, жасырмасын бар дүниені. Бар дүниені жасырса, Алла оны қайтып алып қояды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1620390-toqtar-serikov-ayelderi-men-balalary.html