RU

Қызғаншақ әйел күйеуінің көңілдесін масқара қылды

Күйеуінің көзіне шөп салғанын білген қызғаншақ әйел тапа-тал түсте көшенің қақ ортасында оның көңілдесінің масқарасын шығарды.

Бұл туралы reactor хабарлайды.

Интернетте миллионнан астам рет қаралған бейнеролик Қытайда түсірілген. Бейнематериалдан бір топ әйелдің көшеде бір бойжеткенге жабылып ұрып-соққан сәтін көруге болады.

Шамасы, күйеуінің көңілдесін ұстап алған әйел көмекке өзінің құрбыларын шақырған болуы тиіс. Осылайша олар бәрі жабылып, отбасын бұзған бикештен кек алмақ болған сыңайлы. Олар көңілдес бойжеткенді ұрып-соғып қана қоймай, шашынан сүйреп, үстіндегі киімдерін де жыртып тастаған.

Тағы оқыңыздар: Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Драмалық сахнаның немен аяқталғаны белгісіз күйде қалып отыр. Сондай-ақ, әйелінің көзіне шөп салған еркекті қандай жаза күтіп тұрғаны да беймәлім.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1624242-qyzghanshaq-ayel-kuyeuininh-konhildesin.html