RU
Ұйқысы тыныш болғанын қалаған депутаттар жануарларға үріп, мияулауға тыйым салмақшы
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ұйқысы тыныш болғанын қалаған депутаттар жануарларға үріп, мияулауға тыйым салмақшы

Рассказать Вконтакте

Нововсибирск облысында депутаттар үй жануарларына түнде үріп, мияулауға және ұлуға тыйым салмақ. Ал қорсылдауға рұқсат етілген. Бұл туралы NUR.KZ порталы strana.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйқысы тыныш болғанын қалаған депутаттар жануарларға үріп, мияулауға тыйым салмақшы

Мысық. Фото: paulov.ru
Source: UGC

Заң үй жануарларының иелерін "түнде тұрғындардың мазасын алуға" жол бермеуге міндеттейді. Яғни, жануарлар түнде үріп, ұлып, мяуламауы тиіс.

Заңды ел назарына ұсынған депутат Евгений Смышляев бұл заң тек ит пен мысық иелеріне қатысты екенін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық ана өзін далада қалдырмақшы болған қызын сотқа берді

"Қорсылдауға, әтештің дыбыс шығаруына және қаңқылдауға болады", - дейді ол.

Заңнамаға сәйкес, үй жануарларына жұмыс күні сағат түнгі оннан таңғы жетіге дейін шулауға рұқсат етілмейді. Ал демалыс және мереке күндері сағат түнгі оннан таңғы тоғызға дейін үнсіз отыруы тиіс.

Сіздің реакцияңыз
20
8
4
0
2
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel