RU

Тоқал іздеуге арналған мобильді қосымша мұсылмандардың ашуын туғызды

Индонезиялықтар үшін ашылған танысу сайты жергілікті тұрғындардың шамына тиді. Жаңа қосымша отбасылы ерлерге тоқал іздеуге арналған, деп хабарлайды Baq.kz.

Мобильді қосымша AyoPoligami деп аталады. Қосымша авторы Линду Пранаяма индонезиялықтарға (дені – ислам дінін ұстанатындар) «үлкен отбасы болуды» армандайтын қыз-келіншектермен танысуды ұсынады.

Индонезияда көп әйел алуға заңмен рұқсат етілген, алайда ер адам, әуелі, бірінші әйелінің келісімін алуы тиіс. Бұған қоса соттың ресми рұқсаты да қажет. Ер адамның төрт әйел алуға құқығы бар. Жергілікті белсенділердің айтуынша, көп жағдайда ерлер рұқсат қағазын қолдан жасайды екен.

Тағы оқыңыздар: Головкин: Менің жекпе-жегімді елбасының көргенін естігенде қатты толқыдым

Жаңа қосымшаны 10 мыңнан аса адам жүктеп алған, алайда ер адамдардың дені тоқал іздеуге заңсыз кіріскені анықталды. Осыдан кейін қатты сынға ұшыраған сервис авторы талапты күшейтіп, қосымшаның жаңа нұсқасын шығаруға уәде етті.

Жаңа ереже қолданушыларды жеке куәлігін, отбасылық жағдайы туралы ақпарат пен заңды некедегі әйелінің жазбаша түрдегі рұқсатын көрсетуге міндеттейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1636374-toqal-izdeuge-arnalghan-mobildi-qosy.html