RU

Орамал дауы: Атырауда оранып жүрген оқушылардың ата-анасы шу шығарды

Атырауда қала маңындағы Ақсай ауылында орналасқан Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептe оқитын 8 оқушының ата-анасы қыздарының басынан орамалдарын шешуге қарсы болып, мектепте шу шығарды.

Мән-жайды мектеп директоры Шынар Жұпқалиева айтып берді деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

"Мектепте шу шығып жатқаны рас. Тіпті, кеше де, 3 қыркүйекте қыздарының басындағы орамалды шешпеуді талап ектен ата-аналар мектептің дәлізінде айқай шығарып, барлық жағдайды бейнекамераға түсірді. Мектеп қызметкерлерін итеріп, қыздарын кіргізіп жіберді. Біз ештеңе істей алмай отырмыз, оқушылар сабағына қатысуда. Бірақ, осы оқиғалардың салдарынан психолог маманымыз жұмыстан шықса, тағы бір мұғалім жұмыстан өз еркімен кетуге дайындалып отыр. Шыны керек, бәріміз де осы күн сайын болатын айқай-шудан шаршадық", - дейді мектеп директоры.

Шынар Жұпқалиеваның айтуынша, түсіндіру жұмыстары да жүргізілді, бірақ бұған осы 8 оқушының ата-анасы келіспей отыр екен.

Тағы оқыңыздар: Қорқынышты жол апатына түскен қазақстандық автобус 13 аймақтың нөмірімен болған

"Түсіндіру жұмыстары да жүргізілді, бірақ бұған осы 8 оқушының ата-анасы келіспей отыр. Ал Білім министрлігінің №26 бұйрығына сәйкес, мектеп формасы бірдей болуы тиіс. Оқушыларға сабақта басына орамал тағып отыруына болмайды. Мектебімізде қара белдемше мен ою-өрнекті көк кеудеше (жакет) мектеп формасы болып бекітілген. Мектеп формасын бекітпес бұрын ата-аналармен де сөйлесіп, барлығы бір ауыздан қазіргі форманы қолдады. Бүгін де, кеше де барлық оқушылармен сөйлестім, мектеп формасы туралы тағы да айтылды", - деген директор ата-аналар ымыраға келіп, балалары бірыңғай мектеп формасына көшсе дейді.

"Ата-аналар ымыраға келіп, балалары бірыңғай мектеп формасына көшсе болғаны. Басқа талабымыз жоқ. Балалар күн сайын ешқандай ұрыс-керісті көрмей оқыса дейміз. Осы оқушылардың ата-аналарына көнбейді", - дейді директор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1639186-atyrauda-qyzdarynynh-oramalyn-sheshkis.html