RU

Жол апатынан соң миына қан құйылған ақтөбелік жігіттің құр сүлдесі қалған (фото)

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында 37 күн бойы ем қабылдаған Серік Жантікенов қазір күтім бөлімінде жатыр. Ата-анасы оны үйіне алып кете алмай отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әбілқайыр хан бойында такси күтіп тұрған Серік Жантікеновті көлік қағып кетіп, ол бір айдан астам уақыт бойы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Дәрігерлер ота жасап, миына құйылған қанды алды. Бірақ жас жігіт мүгедек болып қалды. Ол сөйлемейді, отыра алмайды, жүрмейді. Тірек қимылдарының жұмысы бұзылған жігітке дәрігерлер барлық емді жасадық деп отыр.

«Бір айдан бері ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміне жеткізілген соң ота жасалды, миынан құйылған қанды алды. Сүйектері сынған, басына зақым келген. Ол есін жиды, тағайындалған емді қабылдады. Жағдайы бірқалыпты. Бірақ мүгедек болып қалды. Серік Жантікенов 37 күн жансақтау бөлімінде жатты. Соңғы 10-15 күнде ол ешқандай ем қабылдаған емес. Себебі, емін алып болды», — дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рақымжан.

Серік Жантікенов қазір аурухананың күтім бөлімінде жатыр. Анасы түтікпен тамақ береді, күні-түні баласының жанында болады.

«Жансақтау бөлімінде жатқан кезде тамақты аз берген. Қу сүйегі бар. Дәретке өз еркімен шыға алмаған соң жасанды жолмен көмек көрсетілген. Бірақ денесі жара болып қалды. Баламды көрген кезде жылап жібердім. Үш күннен бері күтім бөліміне жіберіліп, анасы бақылауына алды. Қазір дене қызуы көтерілген. Екі бөлмелі пәтерде тұрамын. Қақырық жинап, нәжіс құятын аппарат 200 мың теңге тұрады. Кереует те 400-500 мың теңге екен. Амалым таусылған соң халықтан көмек сұрап, 200 теңге болса да ақша аударса деп күтемін. Балам көзін ашады, бірақ ешқандай эмоция жоқ. Тірі өлік секілді. Жүрегім ауырады, ұйықтай алмай жүрмін», — дейді Алмаз Жантікенов.

Жантикенов Алмаз Султанович

Халық Банк картасы

4402 5735 8493 3131

ИИН 620719 301155

Киви кошелек

8 708 144 54 76

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстанның төрт аймағында дауылды ескерту жарияланды

Отбасымен ұры шымкенттік жанұя полицейлерді аяғынан тік тұрғызды (фото, видео)

Құдайдың құдіреті: Көлігіне алып кран құлаған жүргізуші аман қалды

Ақтөбеде өзін зорламақ болған жігіттен қашқан қыз екінші қабаттан секіріп кетті

Ерке Есмаханға сымбатты Шудың жігіті неке сақинасын ұсынды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1652534-zhol-apatynan-sonh-miyna-qan-quyylghan-aq.html