RU

Ғалымдар романтикалық қарым-қатынаста қызғаныштың пайдалы екенін мәлімдеді

Калифорния университетінің ғалымдары ұзақ романтикалық байланыстар кезінде қызғаныштың пайдалы болуы мүмкін екенін айтады деп хабарлайды Baq.kz. Бұл туралы Frontiers in Ecology and Evolution журналына сілтеме жасап ria.ru жазады.

Ғалымдар қарым-қатынасқа берік әрі өз мекенін жанын салып қорғайтын секіргіш маймылдарға тәжірибе жүргізген. Олар еркек маймылдарға өз жұптарының басқа еркек маймылдармен ойнап жүргенін көрсетеді.

Сонымен қатар, еркек маймылдардың тағы бір тобына дәл осындай жағдайдағы басқа ұрғашы маймылдарды көрсеткен. Тәжірибе барысында маймылдардың миын сканерлеп, гормондары мен қанын тексерген.

Ғалымдар осы арқылы қызғаныштың мидың қай бөлігінде туындайтынын және мұның ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатумен қандай байланысы бар екенін анықтайды.

Қызғаншақ маймылдарда әлеуметтік ауыртпалыққа (айрылысқанда, жалғыздықта және басқа жағдайларда) жауап беретін алдыңғы белдеулік қыртыс және эмоционалдық процестер мен күйзеліс деңгейін көрсететін латеральдік қатпардың белсенділігі артқан.

Доктор Карен Бейлстің айтуынша, бұдан бұрынғы зерттеулер бұл қатпардың жұптар арасындағы байланысты қалыптастыруға қатысы бар екенін көрсеткен. Жаңа зерттеулер болса мидың бұл бөлігінің арадағы қатынасты сақтаудағы рөлін анықтап отыр.

Осыған қарап, ғалымдар қызғаншақтық жай ғана жұптардың қарым-қатынасын сақтаудың эволюциялық тәсілі деген тұжырымға келіп отыр.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Назарбаевқа Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді

Көпшіліктің арманына айналған көлік енді мүлде шығарылмайтын болды

Тұмаудан сақтайтын үш сусынды білесіз бе?

Осал тұстары көп ең сенімсіз көліктердің рейтингі жасалды

Әйелдер өтірік айтқанда қандай сөздерді жиі қолданатыны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1655547-ghalymdar-romantikalyq-qarym-qatynas.html