RU

Түркістанда қылмыс әлемінің серкесі оқушыларды сабақ үстінде ұрлап әкетіп, әжетхана қаздырды

Түркістанда қылмыс әлемінің серкесі мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп, әжетхана қаздырған. Бұл туралы Facebook қолданушысы әрі заңгер Айгүл Орынбек мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Криминалдық авторитет мектеп оқушыларын сабақ үстінде ұрлап əкетіп туалет қаздырған. Қылмыстық іс Түркістан қаласы прокуратурасының арласуымен ашылып отыр. Оқиға балалардың айтуы бойынша былай болған. Балалар төртінші сабақтан шыққан соң мектеп ауласында өзінен жоғары сыныпта оқитын бала мектептің артқы жағына шақырады.

Оларды үлкен қара джип күтіп тұрған. Балаларды қорқытып машинаға салып, үйінің септигін барып қаздырған. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдары біткенше толық ештеңе ашып жаза алмаймын. Ата-аналарды сақтандыру үшін құлаққағыс ретінде ескерту. Балаларыңызға абай болыңыздар.

Бір мезгіл сырласып, ой бөлісіп құлыным "мен сені жақсы көремін деген сөзді жиі айтуды ұмытпаңыздар! Ал Түркістан қаласының прокуратура қызметкерлеріне респект! Қылмысты алдын алу деп осыны айтады. Бүгін оларға әжетхана қаздырса, ертең адам өлтіруге, ұрлық жасауға итермелеуі əбден мүмкін", - деп жазады Айгүл Орынбек желі парақшасында (автордың жазу стилистикасы сақталған).

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да ішімдікке тойып алған шенді полицей тұрғынды жаралаған

Көз жанары екі түрлі ару өзіне тесіле қарайтындарға жанайқайын жеткізді

Жазира мен Жанболат болашақ келіндеріне қандай талап қоятындарын айтты

Астанадағы наркоорталықта 29 жастағы жігітті ұрып өлтіргендер сотталып кетті (видео)

Әкімнің пиары керек емес: Ақтөбе тұрғыны атышулы Испановтың өтірігін әшкере қылды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1667237-turkistanda-qylmys-alemininh-serkesi.html