RU

Қайта құрылған "Жігер" триосы кімдермен соттасып жатыр?

Араға 9 жыл салып өнерлерін қайта жалғастыруды жоспарлаған  "Жігер" тобына өздерімен аттас  әрі бәсекелес трио пайда болған.  Тараздық жігіттер "Жігер" деген атаумен құрылған топ біздің рұқсатымызды алмағандықтан, ендігі мәселені заң жолымен шешетіндерін айтты деп хабарлайды Хит.тв арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

2003 жылы Таразда тұсауы кесілген "Жігер" тобы шығармашылықтарын шыңдап, әлі күнге дейін тыңдарманына ыстық болып естілетін "Сен менің бақытымсың" әніне бейнебаян түсіреді. Дегенмен үш жылдан соң топ тарқайды. Бірақ 9 жылдық үзілістен кейін, өнер иелері қайта қосылуды жөн санаған.

"Аллаға шүкір, бала -шағамыз бар. Өнер деген жібермейді ғой қайда жүрсек те. Кезінде жазылып кеткен әндеріміз бар, жарыққа шығарсақ деген ниеттеміз",- дейді топ мүшелері.

Сұхбат барысында үш жігіт қазақ сахнасына "Жігер" атты тағы бір үштіктің келгенін естіп, төбелеріне жай түскендей болды. Бір сахнада екі "Жігер" тобының өнер көрсетуі мүмкін емес дейді олар.

"Реті келмейді, ол дұрыс емес. Халықтың өзі дұрыс түсінбей қалады, басқа топтың "Жігер" деп шығуына біз әрине қарсымыз. Топты біз жеке өзімізге о бастан тіркеп алғанбыз, салық төлейміз деген сияқты. Ең бастысы заңға жүгіну керек",- дейді бұрынғы топ.

Ал жуырда ғана Шығыс Қазақстанда құрылған "Жігер Life" тобы трио атаулары бірдей болмас үшін "Life" сөзін жуырда қосқандарын айтты.

"Осыған дейін қазақ эстрадасында "Жігер" деген топтың болғанын барлығымыз білеміз. Ол кезде біз жасөспірім балалармыз. "Жігер" тобы қайта құрылады деген жаңалықты естіп жатқаннан кейін, ағаларымызға сый - құрметпен қарап "Life" деген атауды қосқан едік",- дейді.

Ал тараздық "Жігер" біз тарап кеткен күннің өзінде де бір ауыз ескерту жасағандары дұрыс болар еді деп отыр.

Тағы оқыңыздар: 

Қазақстан тұрғындары күн санап қартайып бара жатыр

Белгілі ресейлік тарихшы Қазақстанның латын қарпіне көшуіне қатысты пікір білдірді (видео)

Испанов "үй берем" деп алдады: Ақтөбелік жарымжан келіншек жанайқайын жеткізді (фото)

Қайрат Түнтеков шоу-бизнесте өзара бөлінетін әріптестеріне өкпесін айтты

Әйгілі Араб ханзадасы жантүршігерлік әуе апатынан қайтыс болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1668425-qayta-qurylghan-zhiger-triosy-kimmen.html