RU

ОҚО-да белгілі қажыдан өш алмақ болғандар оны тыр жалаңаш далада қалдырған (фото)

Оңтүстікте екі журналист сыбайластарымен бірігіп, облыстағы беделді қажыны ұрлап кеткен. Арам ісін іске асырған күдіктілер - "Әділдікті қорғайық" қоғамдық бірлестігінің тілшілері. Олар қарт кісіні тыр жалаңаш көшеде алып жүріп, әлеуметтік желі арқылы масқаралаған. Бұл туралы Асабай қажының жұбайы Назира Тасқараева NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Асабай қажыға Бағила Қадырбаева қайта-қайта хабарласып, көмек сұраған. Менің күйеуім көмек сұрағанға бас тартпайды. Сөйтіп, 2016 жылы 12 қаңтарда Шымкентте екеуі кездеседі. Осы кезде Хабиддин Рахманбердиев пен Анар Сүлеева есімді журналист көлікте отырған екен. Алғашқы кездесуде жәй сөйлесіп, тарқастық. Кейін, сол күні кешке кафенің алдынан Асабай қажыны біреу көлікке итермелегенсіп, отырғызған. Басқа кафеге апарған. Ол жерде дайын дастархан болған. Қонақ болған соң, шәй ішіп отыра берген. Бес-алты пиала шәйден соң, Асабай қажы есін білмей қалған. Кейін қасындағылар оны жалдамалы пәтерге апарып, шешіндіріп тастапты", - дейді қажының әйелі Назира Тасқараева.

Жалдамалы пәтерде қажының жалаңаш жүрген видеосын YouTube-қа әлдекімдер салып жіберген. Жұбайының сөзінше, оқиға болған күні Ғабиддин Рахманбердиев жалдамалы пәтерге келіп, қажы жалаңаш жүріп, бүкіл елге масқара болғандығын айтқан. Сондай-ақ түнгі екіге дейін қажыны тыр жалаңаш көшеде алып жүрген екен.

Ал Асабай қажының өзі бұл іс тапсырыс арқылы жасалған дейді. Айтуынша, бұрынғы құдасы Әбдіраман молда тілшілерді жалдап, қажыдан өшін алыпты. Мұның алдында молда мен қажы арасында кикілжің болған көрінеді.

Бағила Қадырбаева мен Хабиддин Рахманбердиев қазір қамауда отыр. Портал тілшісі ОҚО ІІД бөлімшесіне ақпараттық сұраныс жіберді.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысындағы ауылға Назарбаевтың анасының есімі берілді

Жалғыздықтан жабыққан шымкенттік азамат әуретті жерін кесіп тастады

Прокурор: Бишімбаев сақтық үшін "Ақсәуле" дейтін лақап ат ойлап тапқан

Ақышев Qazkom-ның банкрот болғаны жайлы алып-қашпа әңгімеге жауап берді

Ағасымен ойнап жүрген алматылық екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақаттанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670170-oqo-da-asabay-qazhy-atymen-tanylghan-aza.html