RU

Шымкентте бойжеткен жеті жасар қызды телефоны үшін ұрлап, соққыға жықты

Шымкентте 19 жастағы Айгерім есімді бойжеткен жеті жасар қызды ұрлап, соққыға жыққаны үшін сот алдына келді деп хабарлайды NUR.KZ.

Тергеу ақпаратына сәйкес, Созақ ауданының тұрғыны Айгерім Шымкенттегі туыстарына қонаққа бармақшы болады. Алайда жолай өз ұялы телефонын жоғалтып алған бойжеткен сол беті туыстарының үйіне жете алмапты.

Ол жалға бір бөлмелі пәтерді алып, сонда түнеп шығады. Айгерім ертесінде аулада жеті жасар қыздың жалғыз ойнап жүргенін байқаған. Қыздың қолындағы ұялы телефон бойжеткенді қызықтырғаны соншалық, ол аңғал қызды өз пәтеріне қонаққа шақырады.

Айгерім пәтеріне кірген қыз баланы байлап, соққыға жығып, жастықпен тұншықтыра бастаған. Жеткіншек есінен танып қалғанда Айгерім ұялы телефонын алып, ізін жасырады.

Пәтердің айқара ашылған есіктері көршілердің назарына ілігіп, балақай бірден табылған. Ал бойжеткенді полицейлер көп ұзамай құрықтады. Айгерім өз кінәсін толық мойындап отыр. Қыз баланың ұялы телефоны 28 мың теңге тұратыны анықталған.

Тағы оқыңыздар: 

Атышулы барахолкада арзан асханалардың тамағы қалай дайындалады? (фото)

Сүйіктісінен құтылу үшін қыруар ақшасынан айырылған миллиардерлерді білесіз бе?

Ринголық әнші: Ұйғыр болсам да, қазақ тілінде сөйлеймін (видео)

Ел тұрғындарының ең жақсы көретін темір тұлпары қайсы?

Қамауға алынған Араб ханзадалары түрменің орнына бес жұлдызды отельге қамалды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1670949-shymkentte-boyzhetken-zheti-zhasar-qyzdy.html