RU

Бүркіт жары Аишаның үшінші балаларына жүкті екенін айтты (видео)

Шығыс стиліндегі әндерімен халықтың жүрегінің төрінен орын алған жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша үшінші сәбилерін күтіп жүр. Бұл туралы Бүркіттің өзі Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Адам баласы негізі жоспарлауға қорқу керек. Өйткені барлығы Алланың қолында. Егер, бес -алты бала болсын десе, мен ешқашан қарсы болмаймын. Сондықтан Аиша: "Бізде тек екі бала болсын",- десе, мен әрине қарсы боламын. Құдай қаласа, тәуекел деп үшіншісін күтіп отырмыз. Айттым енді, кешірші!",- деді Бүркіт тікелей эфирде қуанышын жасыра алмай.

Еске салсақ, бұған дейін отандық арналардың біріне берген сұхбатында Аиша кемі бес баланың анасы болуды армандайтынын айтқан болатын. Бүгінде жұбайлардың екі ұлдары бар.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-дағы қарапайым қойшы әкімдік креслоға қалай қол жеткізгенін айтты (фото)

Димаш Назарбаевтың немересі және Головкинмен кездесті (фото)

Баланың елесі кезіп жүр: Алматыдағы тылсымға толы ең қорқынышты оқиғалар қандай?

Астанада элиталық Infiniti көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетті (фото)

Әйгілі Криштиану Роналду төртінші рет әке атанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1674566-burkit-zhary-aishanynh-ushinshi-balasyn-ku.html