RU
Дәрігерлер Шымкентте күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайын айтты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Дәрігерлер Шымкентте күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайын айтты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте күйеуі пышақтап тастаған әйел тілге келді. Екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан азаматшаны дәрігерлер бүгін палатаға ауыстырды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілішісі.

Дәрігерлер Шымкентте күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайын айтты

Ауыр жарақат алған азаматша палатаға ауыстырылды

Дәрігерлердің айтуынша, келіншектің қазір жағдайы жақсарған.

"Пышақ жарақаты азаматшаның көкірегінің оң тұсына енген. Бауырына зақым келіп, көп қан жоғалтқан. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазір жағдайы жақсарған", - дейді дәрігер Бауыржан Оспанов.

Ауыр жарақат алған азаматша тілге келгенімен, оқиғаның мән-жайын айта алмай отыр. Келіншектің жақындары күндіз-түні ауруханада қарауылдап жүр.

Олар бұзақы күйеу баласы қыздарына тағы да қастандық жасамай деп қорқып отыр.

Сондай-ақ келіншектің туыстарының айтуынша, күдікті азамат қамауға алынған. Бұл ақпаратты ОҚО-ның ІІД-де растап отыр.

"Орын алған оқиға Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігімен (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынды. Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ жедел іс-шаралар жүргізу барысында іс бойынша күдікті Х.Нарметов анықталып, тергеуге жеткізілген.

Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді ОҚО ІІД.

Еске сала кетейік, Шымкентте ер адам өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған айтып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

Тағы оқыңыздар:

СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растады

Өзбекстандық басылым Кенесары ханды бандит әрі сатқын деп жазды

Атырауда өзін алып қашқан жігіттің әйелі барын естіген бойжеткен асылып қалды

"Түні бойы дәрігер күттік": Алматы облысында 19 жастағы жүкті бойжеткен қаза болды

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушылар мектепке кіре алмай, жылап жүр

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
9
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel