RU

Оралда саунаның шатырына шыққан қыз секіремін деп шатақ шығарды

Оралда саунаның шатырына шыққан қыз секіремін деп шатақ шығарды. Өмірден баз кешіп өлемін деп әлек салған ару құтқарушылар мен полицейлердің жүйкесін жұқартқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Байбалам салған қыз ащы судан ұрттап алған көрінеді. Мас күйінде моншаға жуынуға келген бойжеткен кенеттен суицид жасамақ болыпты. Айтқанға көнбей, райынан қайтпасын білгесін, құтқарушылар күш қолдануға мәжбүр болған.

Арқанмен маталған ару қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Оған жақындап, әңгімеге тартқым келді. Отырып сөйлесейік деп те айтып көрдім. Бірақ көнбеді. Мас болғандықтан, аузына келгенін айтып, бізді боқтады", - дейді күзетші Данияр Нарымбаев.

Тағы оқыңыздар:

Сағаттап уақтыңызды жоғалтатын әлеуметтік желілер не үшін пайда болған?

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушы қыздар мектепке кіре алмай, жылап жүр

Полициядан қашпақ болған ұрылар бірнеше көліктің тас-талқанын шығарды (фото)

Дәрігерлер Шымкентте сақалды күйеуі пышақтап тастаған әйелдің жағдайы туралы айтты

Қарағандыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жас бизнесмен әлі табылмай жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1676810-oralda-saunanynh-shatyryna-shyqqan-qyz-s.html