RU

Белгілі айтыс ақыны ОҚО-да әкімдердің халықты алдап отырғанына күйінді

Айтыссүйер қауымға танымал ақын Жарқынбек Наушабек Оңтүстік Қазақстан облысында сатушылармен қосылып әкімдердің де халықты алдайтынын айтып, ашынды. Бұл туралы ойын ақын Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Сарыағаш ауданында "Алтын күз" мерекесі өтіп, ауылшаруашылық

өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Бірақ сатушылар өз тауарларын аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев келмейінше сатпай қойған.

"Жасандылық пен көзбояушылықтан қашан арылады екенбіз? Сарыағашта "Алтын күз"

мерекесі өтті. Ауылшаруашылық өнімдерін әкім келмейінше сатпайды. Себебі: әкім көруі керек. Әкім көріп кеткен соң "арзан бағаға сатпаймыз" деп, бағаны базар бағасымен теңестіріп қояды немесе жинап алып кетеді. Сонда кімді алдап жүрміз?", - деп сауал тастады ол өз жазбасында.

Ақын Жарқынбектің айтуынша, осылай болатынын әкім де, ұйымдастырушылар да, сатушылар да біледі. Бірақ алданушы тағы да қара халық екен.

"Халық" деген сөзді алға қойып алып, білгенін істеу қашан тоқтайды екен?", - деген ақынның постына қолданушылар түрлі пікір жазды.

Ал Сарыағаш ауданы әкімдігіның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Сарыағаш қаласында «Алтын күз-2017» мерекесі ұйымдастырылыпты. Мерекеге аудан әкімі Қ.Абдуалиев және облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы М.Отаршиев қатысқан.

Аудан тұрғындарына арзандатылған әлеуметтік азық-түлік өнімдерін сатуға 7000 ш.м жер учаскесі мен сауда павильондарынан әлеуметтік базар ашылыпты. Әлеуметтік базарда ауыл

шаруашылық өнімдері, ұн, ет-сүт өнімдері арзандатылған бағамен сатылатын болады.

Тағы оқыңыздар: 

"Әлем аруы-2017" атағын үндістандық бойжеткен жеңіп алды (фото, видео)

Трамптың тойынан кейін 12 жыл бойы сақталған торт 2240 долларға сатылып кетті (фото)

Есектегі ханзада: Ауылдағы ерекше той желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Иесін сағынған ит құсадан қайтыс болды (фото)

Атырауда сәбиі шетінеп кеткен 40 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1681323-belgili-aytys-aqyny-oqo-da-akimderdinh.html