RU

Ақтөбелік тұрғын өзінің басын жарып қойған әйелінен тезірек құтқаруды сұрады

Отбасындағы кикілжіңнен шаршаған 41 жастағы Мұрат Салов есімді ақтөбелік азамат елден көмек сұрайды. Айтуынша, 20 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелінен үш жыл бұрын ажырасып кетсе де араларындағы дау басылмаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Үйленгенде мен 20 да, әйелім 16 жаста болды. Арамызда төрт бала бар, үлкен қызым 20-дан асты. Біз 2014 жылы ажырастық. Оның алдында да біресе ажырасып, біресе қосылып жүрген едік. Ажырасқан жылы әйелім сірке суын ішіп, асылып өлемін деп қашты. Солай үстімнен іс қозғатты. «Қорлады, ұрады содан кейін өзімді өлтіруді ойладым» деп арыз жазған. Сол бойынша іс қозғап, мені 22 күнге қамап тастады. Одан шыққан күнімде тағы учаскелік полицей хабарласып: «Аға, сіздің үстіңізден прокуратураға арыз жазылған, қылмыстық іс қаралып жатыр» дейді. Содан ашуланып, мен де қарсы арыз жаздым, қорғаушы жалдадым. Оның алдында әйелім телефон лақтырып, басымды жарып қойған болатын. Бірақ дәлел жоқ деп іс жабылып қалды», - дейді отбасындағы жайды баяндаған азамат Мұрат Салов.

Мұраттың сөзінше, ерлі-зайыптылар ажырасып кеткеннен кейін балаларды екі ортада сүйреген.

«Басында ол кеткен кезде барлық бала менде қалды. Біреулер маған балаларды бекер ұстап отырсың, ол әйел балаларымен төркінінде көп қалмайды деген соң екі баланы шешелеріне апардым. Ажырасуға сотқа арыз берген соң дүниені бөліспейік деп оған бір миллион теңге апарып бердім. «Аз» деп аспанға атылды. Апасы балаларымды үйінде екі-үш ай тұрғызғаны үшін тамағына деп миллион теңге сұрады. Мен берген жоқпын. Ол да үлкен шу болып, қайта қосылдық. Ұзамай тағы айқай-шу басталды. Міне, ажырасып кетсек те біз әлі осылай жүрміз. Оған тек балаларым үшін ғана барамын. Мені мына әйелден құтқарып беріңіздерші, еркіндікте өмір сүрейін. Мен тілшілердің алдына әбден амалым құрығаннан кейін келіп отырмын», - дейді ер адам.

Ал әйелі алиментке арыз жазғаннан кейін ғана жолдасының шу шығарып жүргенін айтады.

«Мен жақын күндерден бастап алимент сұраған болатынмын. Екі кішкентай бала менің қолымда. Ол төрт жыл бұрын қол көтергенде мен 24 күн ауруханада жаттым. Кейін кешірім беріп, алты айдан кейін қайта қосылдық. Бірақ мені тастап, өзі басқа әйелге кетіп қалды. Арамыздағы айқайдың бәрі содан басталды. Ол басқа адаммен қалада жүргенде мен екі жылдай ауылда қалдым. Бауырларымнан көмек сұрап, қалаға көшіп келдім. Оның қолында қазір бір бала бар. 21 жастағы үлкен қызымды кемпір бауырына басқан, ол маған жоламайды. 14 жастағы ұлым әкесінің айтқанынан шықпайды. Екі кішкентайды алып мен кеттім. Маған да оңай емес. Балаларымды жалтақтатып қойған. Жақында алиментке арыз жазған болатынмын. Алиментке ақшам кетіп қалады деп жаны шығып жүр», - дейді Баян Салова.

Тағы оқыңыздар:

Үндістаннан келген жігіттер алматылық қыздарды арзан әрі жеңіл жүрісті деп атады (фото)

Мөлдір Әуелбекова: Енеммен бірге тұрмаймын

Сиви Махмуди өзіне мінез көрсетіп, жақсылығын түсінбеген әншілер туралы ашық айтты

Ақтауда өз атынан бас тартып, арабша есім таңдайтын адамдар көбейген

"Әлем аруы" байқауына жартылай жалаңаш шыққан Ирак аруының өміріне қауіп төнді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1690350-20-zhyldan-asa-birge-turghan-burynghy-ayeli.html