RU

Анасынан айырылған павлодарлық қыздың хаты жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Павлодарлық 11 жасар Сашаның "Аяз атаға" жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қымбатты Аяз ата. Сізден бисерлер жиынтығын алып беруіңізді сұраймын. Анам мен үш жаста болғанда дүниеден озған. Әкем мені жалғыз өзі тәрбиелейді. Ол барынша тырысып бағып, жұмыс істеп жүр. Алайда ақшасын жеткізе алар емес. Мен әдемі білезік тоқығым келеді. Сонымен қатар күшігім болса деймін. Әкем ақша тапқанда сатып алып беретінін айтты. Бірақ мен бұл сыйлықты Аяз атадан алғанды қалаймын", - дейді жеткіншек хатында.

Павлодарда "Балалар ғажайыпқа сенеді" атты акция басталып кеткен. Онда жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар Аяз атаға хат жазып, ойыншықтар, коньки, үй жануарларын сұрап жатады. Дегенмен көп хаттың арасында алты жасар баланың хаты көпшіліктің жүрегін елжіретті. Балақай конструктор сұрай отырып, анасына денсаулық беруін өтінген.

Алты жасар Уәлихан есімді балақай да қатерлі дертке шалдыққан анасының дені сау болуын тілепті.

Бір мектептен барлығы 85 хат жазылды. Хаттардың дені өз орындаушысын тапқан. Балаларға сыйлықты Жаңа жыл қарсаңында сыйға тартады.

Тағы оқыңыздар:

Қымбат көлік мініп жүретін 22 жастағы Қазақстан тумасы Америкада істі болды 

10 жылға жаза кесілген Қанат Сұлтанбековтың сыбайласы сот үкімінен соң талып қалды

Алматыда «қайтарымсыз несие» алып беремін деп жұртты алдап соққан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жалғыз өзі қайыр сұрап жүретін үш жасар балақай көпшілікті алаңдатып қойды 

Қазақстан құрамасының бас бапкері ойынға "Ресей" деп жазылған бас киіммен шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1692198-anasynan-ayyrylghan-pavlodarlyq-qyzd.html