RU

Отандық олигарх елдегі теннисшілерді дамыту үшін 60 миллион долларын жұмсаған

Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов елімізде теннисті дамыту үшін 60 миллион доллардан астам жеке қаржысын жұмсаған. Бұл туралы ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Зарина Диасты 21 жасына дейін біз қаржыландырып, миллионнан астам доллар жұмсадық. Зарина өзі бұзып-жарып шықты, деп жатады. 14 жасында қарамағыма алдым және оны дамытуға жеке өзімнің милллионнан астам долларым шығындалды. Иығына ота жасағанда да мен қаржыландырдым. Қазір өзі де табыс табады», - деген ол легионер теннисшілерді өз қалтасынан қаржыландырғанын айтты.

«Легионерлер де менің есебімнен қаржыландырылды. Осы жылдардың ішінде теннисті дамытуға 60 миллионнан астам доллар салдым. Соңғы 4 жылда 30 пайыз бюджет қаржысы да салынуда. Ал қалған 70 пайызы жеке инвестиция», - дейді Өтемұратов.

Тағы оқыңыздар:

Көңілдесін сүйетінін айтқан алматылық жігіт әйелін өлімші етіп сабап, жағын сындырды (фото)

Қазақстандық полицей қыз араб "ханзадасына" тұрмысқа шықты (фото)

Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алагөзов қайын жұртының үстінен арыз жазып, дүние-мүлкін қайтара алмай жүр

Науқас балаларынан құтылмақ болған ана оларды тышқан уымен өлтірмек болды

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1696011-otandyq-oligarkh-eldegi-tennisshilerd.html