RU

"Жезөкше ару": Әлемдегі ең оғаш сұлулық байқауларын білесіз бе?

Әлемдегі ең оғаш әрі ақылға қонымсыз сұлулық байқауларын NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.

1. "Барабан таяқтары аруы"

Арканзас штатында жыл сайын "Барабан таяқтары аруы" атты байқау өтеді. Байқауға қатысушы қыздар шарт бойынша бет-жүзін суретпен жасырады. Арулардың тек аяғы бағаланатын байқауда жеңімпаз жүзін ток-шоуда бір-ақ көрсетеді.

2. "Маймыл ару"

"Маймылдар ғаламшары" фильміне әртістер іздеген Гэри Оуэнс "Маймыл ару" атты оғаш байқау ойлап тапты. Маймылдың бетпердесін киіп шыққан арулар арасында Доминика Грин жеңімпаз атанып, аталмыш фильмнің бесінші бөліміне түседі.

3. "Мінсіз мүсін аруы"

1956-1969 жылдары АҚШ-та "Мінсіз мүсін аруы" атты байқау өтеді. Байқауда қыздардың рентген суреттері ғана есепке алынған.

4. "Трансгендер ару"

2013 жылдан бастап Бразилияда өзін әйел санайтын ерлер арасында байқау жүргізілетін болды. Жеңімпазға тегін жынысын ауыстыру отасы сыйға тартылып тұрды.

5. "Пин-ап ару"

Австралияда өтетін бұл байқауда мінсіз мүсін маңызды емес. Тек ретро-көйлектер киіп, өзіңіздің нағыз тартымды нәзік жанды екеніңізді дәлелдесеңіз болды.

6. "Қысқа шаш үлгісінің аруы"

Феминистер арасында өтетін бұл байқау кезінде үлкен танымалдыққа ие болған.

7. "Сотталған кісі өлтіруші ару"

Бразилияда өтетін бұл байқауға тек кісі өлтіргені үшін сотталған арулар қатыса алады.

8. "Жезөкше ару"

Байқауды ұйымдастырған Натали Фабия оғаш атауды тек БАҚ назарын аудару мақсатында қойған. Ал байқауға шын мәнінде жезөкшелер емес, шығармашылық тұлғалары қатысты.

9. "Атом бомбасы аруы"

АҚШ-та алғаш атом бомбасының іске қосылуы аталмыш байқауға негіз болған. Байқау қатысушысы шартқа сәйкес, әр образында ядролық жарылысты шебер көрсете алуы тиіс еді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтауда мысық өзін піштіріп тастаған қожайынынан өш алды 

Түркияда Назарбаевтың атына төрт бірдей көшенің аты берілген 

56 жасында егіздерді дүниеге әкелген әйел алғаш рет ана атанды (фото)

Мүгедек досын арқалап алып, әлемді аралаған жігіттер көпшілікті тәнті етті

Отандық олигарх елдегі теннисшілерді дамыту үшін 60 млн долларын жұмсаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1696293-zhezokshe-aru-alemdegi-enh-oghash-sululyq.html