RU

Күнделікті өмірдегі "тәтті сәттерді" бейнелейтін суреттер көпшілікті тәнті етті

Кореялық суретші Джи-Хук Ким (Ji-Hyuk Kim) күнделікті өмірдегі тәтті әрі бақытты сәттерді бейнелейтін туындыларын ел назарына ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Суретшінің пікірінше, күйбең тіршілікке берілген кей адамдар өмірдің нағыз бақытты сәттеріне мән бермей жатады. Бұл олқылықты жою үшін суреттер топтамасын жұрт назарына ұсынған Джи-Хук көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Суретшінің көзқарасы бойынша:

Бақыт дегенің сапардан алған жағымды әсерлерді сезіне білу.

Өзіңді жалғыз сезінбеу

Әр атқан таңыңа қуана білу

Сүйікті ісіңнен ләззат алу

Демалыс күні қызықты кітаптың әлеміне үңілу

Жаңа өмір бастап, баспанаңды жайлы ету

Сүйікті жұмысыңа барыңды салу

Дер кезінде тынығуды ұмытпау

Ұнатқан жерлеріңді аралауға уақыт табу

Ғажайыптарға сеніп, қиял әлеміне "саяхаттау"

Отбасыңа уақыт бөлу

Табиғатпен оңаша қалу

Өзіңді түсінетін өмірлік серігіңді табу

Онымен қызыққа толы баянды ғұмыр кешу

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі үнді фильмінің жұлдызы созылмалы дерттен көз жұмды

Ішкі істер министрі: Полицейлерге таяқшаларды қайтарудың керегі жоқ

Саакашвили: Порошенко бүкіл Украина халқын диетаға отырғызып тастады

Танымал отандық әнші жартылай жалаңаш кейпімен Қазнетті шулатты (видео)

Ақтөбеде қарақалпақстандық күйеуі тастап кеткен бес балалы әйел далада қаңғып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1698517-kundelikti-omirdegi-tatti-satterdi-b.html