RU

Екі еркекпен бірге болғысы келген әйел келіспей қойған сүйіктісін аямай тістеп алды (фото)

Эдинбург тұрғыны жыныстық қатынаста қалауын орындамай қойған сүйіктісінің жанды жерін оңдырмай тістеп алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға ағымдағы жылдың мамырында болған. 43 жастағы Нунция Дел Вишио сүйіктісімен клубқа барып, көңіл көтереді. Ол 44 жастағы ғашығы Марселло Палманы және клубта танысқан тағы бір ер адамды үйіне қонаққа шақырады.

Үйінде Нунция екі еркекпен де жыныстық қатынасқа түскісі келетінін мәлімдеп, "қонақтарына" бірге төсектес болуға ұсыныс жасаған. Алайда бұл ұсынысты жақтырмаған Марселло бірден бас тартады.

Бұған көндікпеген Нунция үлкен жанжал шығарып, Марселлоға тап берген. Ол ер адамның әуретті жеріне жармасып, жұмалағын аяусыз тістеп, жұлып алады. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем шақыртқан. Оташылар оның жұмалағын 15 жерден тігіп, құтқарып қалды.

Ал Нунция сотта жазаға тартылып, зардап шегушіге 500 фунт стерлинг өтемақы төлеуге міндеттелді. Ол сонымен қатар сағат түнгі оннан таңғы алтыға дейін көшеге шығу құқығынан айырылған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалуын ең үлкен бақытқа теңеді

Ішкі істер министрлігі игерілмеген ақшаға Қытайдан ұшақ сатып алмақ

Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы наградамен марапаттады

Шымкенттік келіншек зейнеткердің мыңдаған долларын автобуста ұрлап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1703201-eki-erkekpen-tosek-qatynasyna-tuskis.html