RU

Қызылордада базарға күшік сатуға кеткен екі оқушы төрт күннен бері табылмай жатыр (фото)

Қызылорда қаласында 14 жастағы екі баланың жоғалып кеткеніне бүгін 4 күн болды. Із-түссіз жоғалған ойын балаларын құзырлы органдар таппаған соң, жеткіншектердің жақындары өздері жаппай іздеуге кіріскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Жоғалған Нұржан Әділханов пен Бауыржан Оңғаров жексенбі күні таңғы сағат 9 шамасында үйлерінен шығып кеткен. Бір сыныпта оқитын жасөспірімдер ата-аналарына базарға күшік сатуға барамыз деп кеткен екен.

Сол кеткеннен қос ұлдан бірде-бір хабар болмапты.

14 жасар балаларынан 4 күннен бері мүлде хабар ала алмай, абдыраған ата-ана Нұржан мен Бауыржанды іздеп бармаған жерлері қалмапты. Қыстың суығында олардың қайда түнеп жүргендері де белгісіз.

Органдарға барып арызданғанымен, олар әрекетсіз отыр деп ашынады. Сондықтан қос жеткіншектің бүкіл жақындары бүгінде Нұржан мен Бауыржанды күн-түн демей іздеп жүр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

ОҚО-да көңілдесін өлтіріп тастаған 37 жастағы әйел он жылға сотталып кетті

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде отырған кісіні қағып өлтірген (фото)

Бейтарап тумен шығады: Ресейлік спортшылар қысқы олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанға келетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті болып шықты

Жыл қателігі: Бір метр жерден гол соға алмаған ресейлік футболшы ұятқа қалды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1704176-qyzylordada-bazargha-kushik-satugha-ket.html