Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Бауыржан Момышұлына ескерткіш тұрғызылды

Опубликовано:

Бауыржан Момышұлының туғанына биыл жүз жыл толды.

Жаңа ескерткіштің ашылуына даңқты жауынгер-жазушының ұрпақтары, замандастары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ал ресми билік атынан Алматы қаласы әкімінің орынбасары қатысты.Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан соғылған. Бауыржан Момышұлының туғанына биыл жүз жыл толды. Батырға арнап бұған дейін деректі фильмнің шығарылғанын Азаттық хабарлаған.Бауыржан Момышұлы 1910 жылы қазіргі Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келді.1936 жылдан бастап Қызыл Армия қатарында әскери қызмет атқарған Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы Бауыржан Момышұлы ескерткіштің тұғыры. Алматы, 10 желтоқсан 2010 жыл.офицер 1941 жылы, совет-герман соғысы басталған жазда Қазақстан мен Қырғызстаннан әскер қатарына шақырылғандардан жаңадан жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясында батальон командирі болып тағайындалады. Сол жылы күзде дивизия Мәскеу түбінде майданға кіреді.Әскери тарих құжаттарында 1941 жылдың аяғына таман Мәскеу үшін болған кескілескен шайқастарда аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны 5 рет жау қоршауын бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен дивизиясына қайта қосылғаны, батальон командирі жалпы саны 207 рет өз жауынгерлерін 207 рет шабуылға бастап шыққаны жазылған.Бауыржан Момышұлының атақ-даңқы соғыс жылдары әскери басылымдарда жарық көрген Александр Кривицкийдің "Момышұлының көк дәптері" атты көлемді мақаласы мен Александр Бектің "Волоколамск тас жолы" деректі повестінен соң дүйім жұртқа тарады. Кейіннен бұл шығарма әлемнің көптеген елдерінің тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты.Замандастары Бауыржан Момышұлын әділдікке бас иген, шындықты бетке айтатын турашыл мінезі советтік жүйе басшыларына жақпағанын еске алады.Соғыстан кейін гвардия полковнигі шенінде әскер қатарынан запасқа шыққан соң Бауыржан Момышұлы жазушылықпен айналысты. Оның қаламынан туған "Офицер күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Ұшқан ұя", "Мәскеу үшін айқас", "Генерал Панфилов", "Куба әсерлері", "Ел басына күн туса" және т.б. кітаптары жарық көрді.Сонымен бірге Бауыржан Момышұлы 1944 жылы советтік Қазақстанды басқарып отырғандарға жолдаған хатында өз жерінде қолданыстан шетқақпай қалып, аянышты күйге түскен қазақ тілін мемлекет тілі ету қажеттігін жазғаны мәлім.1982 жылы маусымның 10-ы күні дүниеден өткен Бауыржан Момышұлы Алматыда жерленді.Совет өкіметінің қаулысымен оған 1990 жылы желтоқсанда Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/170587-bygin-almatydagy-28-panfilovshylar-sayabagynda-bauyrzhan-momyshylyna-eskertkish-tyrgyzyldy/

pixel