RU

Танымал сатирик жүргізген айтыста Ақтөбе жұрты Жүрсін Ерманды іздеп, шулап қоя берген

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбеде өткен ақындар айтысында Жүрсін Ерманды сұраған халыққа Көпен Әмірбек әзілмен жауап берді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Өнер орталығында» өткізілген республикалық ақындар айтысын ақын, сатирик, «Ара» журналының бас редакторы, еңбегі сіңген қайраткер Көпен Әмірбек жүргізген болатын.

Халыққа таныстырып, айтыс жүргізушісін ортаға шақырған сәтте көрермендер «Жүрсін қайда?» деп шулап кетті. Сатирик Көпен Әмірбек «стойка қайда?» деп салды.

Белгілі сатирик ақындарды хабарламас бұрын әзіл-шыны аралас әңгіме айтқан сайын халық қайта-қайта «айтыс, айтыс» деп әңгімесін басып тастап жатты.

Айта кетейік, Ақтөбеде «Жыр арқауы — жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтіп, «Алтын домбыра» иесі анықталды. Үшінші орынды Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамыс және Әсет Дүйсебаев бөліп алса, екінші орынды Жарқынбек Наушабеков алды, бірінші орынды Сырым Әуезхан еншіледі.

Бас жүлде мен «Алтын домбыраны» Жандарбек Бұлғақов жеңіп алды.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Психологиялық тест: Суреттен бірінші нені байқадыңыз? (фото)

ШҚО-да мемлекеттік туды құрметтемеген ауыл әкімі жеңіл сөгіспен құтылды

Мақпал Жүнісова өзге ұлтқа тұрмысқа шығатын қазақ қыздары туралы ойын айтты

Ел алдына бірдей көйлек киіп шыққан атышулы Сиви мен Ақбота қызу талқыға түсті (фото)

Үнемі кешігіп, жұрттың жүйкесін жұқартқан отандық әуекомпания рейстерін тоқтатуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1706801-tanymal-satirik-zhurgizgen-aytysta-aq.html