Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да күйеуінің қолынан қайтыс болған әйелдің жантүршігерлік суреттері пайда болды (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында үш жыл бұрын әйелін аяусыз өлтірген азаматқа қатысты тың деректер шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Соққыға жығылғаннан кейін көз жұмған келіншек Жұлдыз Мауленқұлованың туыстары күйеу баласының қорқынышты әрекеттерін жайып салды. Олардың сөзіне сенсек, ер адам жат ағымға кіріп кеткен.

Ол Жұлдызды жиі соққыға жығып отырған көрінеді. Ағымдағы жылдың қаңтарында Жұлдызға белгісіз келіншек хабарласып, күйеуімен көңілдес екенін мәлімдеген. Нәтижесінде күйеуі бұл мәлімдемені растап, Жұлдызды үйінен қуып шықпақ болады.

Көп ұзамай, Жұлдыздың жансыз денесі қорадан табылыпты.

"Қызымды асылып өлді деп жалған айтып отыр. Ұрып өлтірген. Буындырған. Сүйреген Арқасын осып-осып жіберген. Қызым қайтыс болар күні хабарласып, күйеуімнің ойнасы хабарласты деді. Үйден кет деп қорқытып жатыр дейді. Кейін өлгені туралы хабар келді. Күйеу балам бес уақыт намаз оқиды. Ол жат ағымға кіріп кеткен. Сондықтан, осындай қылыққа барып отыр", - дейді марқұм келіншектің анасы Иззатай Мауленқұлова.

Ер азаматтың жақындары болса, бұл айыптаулармен келіспеуде. Олар Жұлдыз өзіне қол салды дегенді алға тартып отыр.

"Менің інім ешкімді өлтірмеді. Әйелі өзі асылып қалған. Мұны көршілер де растап бере алады. Ал ашынасы болуы кез-келген еркекке тән қылық шығар? Көңілдесі бар екен деп әйелдердің барлығы асылып қала берсе не болмақ?", - дейді күдіктінің туысы Маулиддин Мухиддинов.

Жұлдыздың артында екі баласы жетім қалды. ІІД ер азаматтың қамауға алынғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, оңтүстікте көңілдесімен бір шаңырақ астында тұрғысы келген күйеуі өзінің әйелін соққыға жығып, өлтіріп қойғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709209-oko-da-kjeuini-kolynan-kajtys-bolgan-jeldi-zantrsigerlik-suretteri-pajda-bol/

pixel