RU

Қыздарды шешіндіру үшін конкурс өткізген атышулы блогер қамауға алынды

Алматы қаласының ІІД өзіне тиесілі барда қыздарды тыр жалаңаш шешіндіру үшін конкурс өткізген блогер Айжан Байзақованы қамауға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

"1995 жылғы азаматша Байзақовға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша іс материалдары жиналды. Ол қоғамдық тәртіп пен этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот үкіміне сәйкес Байзақова үш күнге әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде 50 мың теңге үшін шешініп тастаған қызық қыздарының видеосы тараған болатын. Аталған видео Instagram жұлдызы Айжан Байзақованың клубында түсірілген екен.

Ақша үшін жалаңаштанған қыздардың видеосы оқырмандар мен қарапайым халықты бей-жай қалдырмай намыстанған бір топ жігіт үндеу жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1709861-kyzdardy-sesindiru-sin-konkurs-tkizgen-atysuly-bloger-kamauga-alyndy.html