RU

Белгілі композитор мен танымал әнші Қайрат Нұртастың хит әніне таласып қалды

Қайрат Нұртастың «Жаралы жанның әні бұл» атты хит әнінің сазгері Жазира Байырбекованың ағасы Ербол Байырбеков «менмін» десе, Қайраттың өзі бұл әннің сазгері Ғазизхан Шекербеков екенін айтып жүр деп хабарлайды Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

“Ағам хабарласып: “Менің әнімді Ғазизхан Шекербековтің әні деп Қайрат Нұртас айтып жүр”, – деді. Сөзін Ақмарал Леубаева жазған екен. Ғазизхан Ерболдың әнін тыңдамай өзі шығарған. Бірақ ол Ерболдың әніне ұқсап кеткен. Өзім де түсінбей қалдым, ағамның әні ма, Ғазизханның әні ма. Ағамның әні дейін десем оған анық көзім жетіп тұрған жоқ. Ағама: «Ол сенің әніңді тыңдамай тұрып шығарған, бұл Ғазизханның әні дейін десем ағам түсінбейді ”, – деді Жазира.

Ал, "бұл әннің авторы менмін" деген Ғазизхан мұндай әңгіменің ұят екенін айтты.

“Туған қарындасы ағасының әнін танитын шығар, қойыңыздаршы, не әңгіме ол? Ұят емес пе? Мен ол кісінің әнін тыңдаған жоқпын. Тәжірбие жинау үшін мен музыканттарды тыңдаймын, бірақ айып етпесін ол кісі сияқты музыкантты емес. Қай жерін ұқсатып жатқанын мен түсіне алмадым” – деді Ғазизхан.

Ербол болса бұл әннің сөзін жазған Ақмарал Леубаеваға бастапқы нұсқасын гитарамен орындап бергенін алға тартуда.

"Әнді сіз Мақпал Жүнісоваға берген едіңіз ғой, бірақ Қайратқа беріпсіз ғой. «Құтты болсын, әпке!» дедім. «Бұл әнді сен жазып па едің?» деп қалды ол кісі. Дұрыс емес нәрсе көрініп тұрады. Сен жазып па едіңізі несі, сізге мен мұны гитарамен орындап жіберіп едім ғой. Концертте кетіп жатыр, астынан басқа біреудің аты шығып жатқан кезде жыным келді»,- деді Ербол Байырбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710010-belgili-kompozitor-men-tanymal-nsi-kajrat-nrtasty-hit-nine-talasyp-kaldy.html