RU

Ақтаулық оқушы 200 есепті 8 минутта шығарып, әлемді аузына қаратты

Оқушылар арасында "калькулятор" атанып кеткен ақтаулық оқушы Малайзияда өткен ауызша есептеу олимпиадасында шапшаңдығымен талайды таңғалдырды деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтаулық оқушы 200 есепті 8 минутта шығарып, әлемді аузына қаратты
Ақтаулық оқушы 200 есепті 8 минутта шығарып, әлемді аузына қаратты: UGC

Әлемнің 45 елінен келіп, 3 мың бала қатысқан жарыста Орынгүл Арыстан 200 есепті 8 минуттың ішінде шығарып, (яғни бір есепке 2,5 секунд жұмсаған) бас жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, 1 минутта 25-30 есепке дейін ойша шығара алатын Орынгүлді анасы былтыр менталды арифметикаға үйрететін орталыққа берген.

Талантты оқушы бір жыл ішінде күрделі есептерді әп-сәтте шығаруды меңгеріп алған. Екі таңбалы санды екі секундта еш қиындықсыз алып, қосып, көбейте алатын ол үш таңбалы санды есептеуді қолға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710668-aktaulyk-okusy-200-esepti-8-minutta-sygaryp-lemdi-auzyna-karatty.html