RU

Ұлттық арна эфирінде танымал актермен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаева желіні шулатты (видео)

31 желтоқсан күні миллиондаған көрерменнің алдында жаңа жылдық "Сыңғырлаған сиқырлар" шоу-бағдарламасын эфирден берген Ұлттық арна тағы да сынға қалды. Бұл жолы көпшілік "Қазақстан" арнасының кеш жүргізушілері әнші Кәмшат Жолдыбаева мен актер Олжас Абайды сүйістіріп қойғандарына ашулы деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәмшат Жолдыбаева, Олжас Абай. Скриншот: Видеодан
Кәмшат Жолдыбаева, Олжас Абай. Скриншот: Видеодан: UGC

Аталған қарсылықты Facebook желісіндегі парақшасында "Қазақстан" арнасының экс-журналисі Еркін Шәкірұлы жазды.

"Баян Есентаева жасаған дүние. Енді соны қабылдағанда қарады ғой. Дәл сол жерін алып тастасаң түк өзгермейді",-деп жазды ол парақшасында өзін сынаған оқырманға жауап ретінде.

Кәмшат Жолдыбаева, Олжас Абай. Скриншот: YouTube
Кәмшат Жолдыбаева, Олжас Абай. Скриншот: YouTube: UGC

Журналистің жазбасын көрген басқа да әріптестері еліміздің бетке ұстар арнасының соңғы кезде мұндай қателіктерге жиі жол беріп жүргенін атап өтті.

Ескерту! Аталған көрініс видеоның 1:38:40-шы минутында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1710781-lttyk-arna-efirinde-tanymal-aktermen-sjisken-kmsat-zoldybaeva-zelini-sulatty-video.html