Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 жастағы атақты актриса қызының музыкант досымен көңіл жарастырып жүр

Опубликовано:

Әлемге әйгілі актриса Деми Мур 25 жастағы музыкант Ник Джонаспен көңіл жарастырып жүр. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Деми Мур. Фото желіден алынды
Деми Мур. Фото желіден алынды: UGC

Деми Мур 2011 жылы Эштон Катчермен айырылысқан соң, аз уақыт Вито Штабелмен және Гарри Мортонмен кездесіп келді. Ал қазір ол қызы Румердің музыкант досы Ник Джонаспен көңіл жарастырып жүр. Алайда актриса әзірге бұл қатынасы туралы жақ ашпады.

Джонас бұған дейін де өзінен бірнеше жас үлкен әйелдермен кездескен. Мәселен Кейт Хадсон және австралиялық әнші Дельта Гудрем де осы санатта.

Айта кетейік, Деми Мур үш рет тұрмыс құрған. 1980-1985 жылдар аралығында ол рок-музыкант Фдредди Мурмен тұрды.

1987 жылы Брюс Уилисске шығып, Румер, Скаут және Таллулу есімді қыздарын босанды. Ал 2005-2011 жылдары Эштон Катчердің жұбайы болатын.

Деми Мур және Эштон Катчер. Фото желіден алынды
Деми Мур және Эштон Катчер. Фото желіден алынды: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1710855-55-zastagy-atakty-aktrisa-kyzyny-muzykant-dosymen-kil-zarastyryp-zr/

pixel